Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды

92

0

Арал ауданына жаңа әкім тағайындалдыОблыс әкімінің өкімімен Мұхимов Абзал Сансызбайұлы Арал ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Мұхимов Абзал Сансызбайұлы 1976 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін филология және экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы қалалық, облыстық телеарналардың корреспонденті ретінде бастаған. 2001-2005 жылдары «Облыс әкімі жанындағы жастарды қолдау облыстық орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Сырдария ауданының Н. Ілиясов атындағы ауылдық округінің әкімі, Сырдария аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, 2005-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында бас маман, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2010-2013 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде департамент директоры, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2013 жылдан осы кезге дейін «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз