Арал ауданы халқының 22,4 пайызы бұқаралық спортпен айналысады

55

0

Арал ауданы халқының 22,4 пайызы бұқаралық спортпен айналысадыАрал ауданының әкімі спортшыларды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады. Спортшыларымыз да күннен-күнге өз өнегелері арқылы денешынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтаумен келеді. Қазіргі таңда аудан жастарының спортпен кең көлемде шұғылдануына 68 денешынықтыру ұйымдары жұмыс жүргізуде. Ауданымызда 16 877 адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Бұл дегеніміз халықтың 22,4 пайызы бұқаралық спортты жолға қойғандығының айқын дәлелі», – делінген хабарламада.
Спортты серік еткендерге ауданда 227 спорт ғимараты бар. Онда 178 тәлімгер спорттың сан алуан түрінен шәкірттерге дәріс береді. Осындай ортадан шыққан спортшы саңлақтарымыз бүгінде республикалық және халықаралық чемпионаттар мен турнирлерде спорттың бокс, күрес, таэквондо түрлерінен алдыңғы қатардан көрінуде. Бұның барлығы мемлекеттің қолдауымен спорт саласы қызметкерлерінің жүйелі жұмыстарының нәтижесі екендігі сөзсіз.
Соған орай аудан әкімі А.Мұхимовтың төрағалығымен жиын өтті. Онда аудан басшысы спортшыларды құттықтап, елеулі еңбек еткендерді алғыс хатпен марапаттады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз