Арал ауданында кәсіпкерліктің дамуына не қолбайлау?

59

0

Арал ауданында кәсіпкерліктің дамуына не қолбайлау?Қызылорда қаласынан 460 км қашықтықта
орналасқан Арал ауданында 80 000 ға жуық халық тұрады. Қазірге дейін 3350
шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген.  Кәсіпкерлердің басты проблемаларының бірі –
ауданда шағын және орта бизнеске кеңес беретін банк маманының болмауы.
Кәсіпкерлер бұл мәселені Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры
Дінмұхамед Абсаттаровпен өткен кездесуде айтты.

Жоғарыда аталған мәселенің салдарынан аудандағы кәсібін
бастаушылар мен кәсіпкерлер уақыт жоғалтуға мәжбүр. Онсызда кәсіпкерлік
саласынан жағдайы мәз емес ауданның экономикасына бұл мәселе де әсерін тигізбей
қоймасы анық.
«Бізге Байқоңыр қаласынан сенбі күні ғана банктен
маман келіп кетеді. Кейде айлап күтуге тура келеді. Бір ауданның тұрғындарына несие
жөнінде кеңес алуға әрі құжат рәсімдеуге 4 сағат мүлдем жеткіліксіз. Бір де
бар, бірде жоқ маманнан қаншама кәсіпкердің жұмысы тоқтап тұр. Өздеріңізге
белгілі, несиеге құжат дайындау, ақшаны алу көп уақытта қажет етеді. Біздер,
кәсіпкерлер тек ақшаға ғана емес банктің шағын және орта бизнеске несие беретін
бөлім мамандарына мұқтажбыз»-деді жеке кәсіпкер Ақыл Садуақасова. Аталған
мәселеге сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры
Дінмұхамед Болатұлы бұл мәселені осыған дейін екінші деңгейлі банк басшыларының
алдында көтергенін, Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаевқа «Аудандарда кәсіпкерлерге қызмет көрсету
орталықтарын құру» туралы ұсынысы жолданған жеткізді.
Кәсіпкерлермен кездесу
барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхаммед
Абсаттаров  Арал ауданының кәсіпкерлеріне
атқарылған жұмыстар жайлы егжей-тегжейлі мәлімет беріп, кәсіпкерлер құқығын
қорғау  барысында арызданған
кәсіпкерлердің мәселесі 99 пайызға шешілгендігін мәлімдеді. Сондай-ақ,
кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының кеңесшілерінен тегін сервистік көмек алуға шақырды.
 «Бүгінгі күнге
3000-нан аса кәсіпкерге 5000 астам кеңес берілді. Күн сайын Қызылорда
қаласы мен аудандарындағы кәсіпкерлер палатасына тегін сервистік көмекке
жүгінетін кәсіпкерлердің саны артып келеді. Негізінен
кәсіпкерлер заң, бухгалтерлік және салықтық, маркетинг, мемлекеттік сатып алу сұрақтарымен жиі келеді»-,деді
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров.
Іс-сапар барысында Палата
директоры «Арал тұз» АҚ және «Атамекен», «Арал» СДО балық зауыттарының
жұмыстарымен танысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз