
Облыс прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша Арал ауданы Тоқабай ауылында мектеп салу кезінде бюджет қаражатын жымқыруға байланысты ҚР ҚК 176 бабы 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, 140 орындық шағын мектепті салу кезінде мердігер компанияның қызметкерлері шамамен 81 миллион теңгені қымқырған.