Арал теңізінің орнында қалың орман пайда болады

282

0

Арал теңізінің орнында қалың орман пайда боладыАрал теңізінің орнында қалың орман пайда болады, – деп хабарлайды National Geographic басылымына сілтеме жасап Tengrinews

Басылымның мәлеметінше, Өзбекстан үкіметі Арал теңізі апатының салдарын
жою үшін алдағы үш жылда 4,3 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр.
Мұның 300 миллион доллары жергілікті халықты жұмыспен қамтуға жұмсалса,
400 миллион доллар денсаулық саласына арналған бағдарламаларға бөлінеді.
Ал қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 1,5 миллиард доллар
биоалуантүрлілікті қайта қалпына келтіруге жұмсалады.

Өзбекстанның Қоршаған ортаны қорғау комитеті аумақты көгалдандыруға
арналған жоба дайындады. Жоспар бойынша, Арал теңізінің орнына 2030
жылға дейін 1 миллион гектар ағаш отырғызылады. Жылына 40-50 мың гектар
аумақ жасыл алаңға айналады. Gismeteo хабарлауынша, жоба осы аумақта
тұратын халықты зиянды тұздардың әсерінен қорғау мақсатында
ұйымдастырылып отыр.

Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстанның
шекарасында орналасқан тұзды көл. Көлемі жағынан әлемде төртінші
орындағы теңіз өзен арналарының тартылуы салдарынан құрғап кетті. Қазір
теңіздің орнында кішігірім көл ғана қалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз