Арал теңізінде қызыл кітапқа енген балық түрлері көбейтілмек

146

0

Арал теңізінде қызыл кітапқа енген балық түрлері көбейтілмекТеңіз тіршілігі қайта жандана бастады. Арал теңізінің арнасы тарылып, суы тұз татыған жылдары балығы да күрт кеміді. Қазірде қызыл кітапқа енген бекіре, қаяз тұқымдары айдыннан мүлде кездеспейді. Дегенмен су маржанының бағалы түрлерін сақтап қалу бағытында Сыр өңіріндегі «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК бірнеше жобаны қолға алған.
Тамыры теңізге байланған Қосжар және Тастақ ауылдарында 34 су тоғаны бар. Осында жыл сайын миллиондаған шабаққа жан бітеді. Дәлірек айтсақ, ақ амур және дөңмаңдай секілді су маржандарының уылдырығы арнайы құрылғылардың көмегімен жиналып, дернәсілге айналған соң, жыл бойы судағы тіршілікке бейімделеді. Мамандар осындай әдіспен қызыл кітапқа енген балық түрін көбейтуді қолған.
«Қамыстыбас» балық өсіру питомнигінің директоры Нұрқабыл Құланов: «Арал қаязы деген балықты өсірсу бағдарламасы бар. Соны келесі 2015 жылдан бастап қолға аламыз. Ол да Үкімет тарапынан, ҚР Қоршаған ортаны және су ресурстары минстрлігінің балық шаруашылығы комитетінің қолдауымен орындалуда», – деді.
Сондай-ақ балық питомнигінде 70-ке жуық бекіренің тоғандарда көбею жағдайы бақылауға алынып, зерттелген. Алайда нәтижесі ғалымдардың ойынан шықпай отыр.
Балық өсіруші Шынболат Күлмашов: «Бекіреге негізі кең жер керек. Біздің тоғандық жағдайларда оған ыңғайы келмей тұр. Бекіре 11 жылда ашық теңізде үлкен болып кетеді. Ол уылдырық шашатын деңгейде тұруы керек, қазір ондай емес. Соған қарағанда жағдайы келіңкіремейді», – деді.
Жыл сайын күз мезгілінде тоғандардан 15 милионнан астам шабақ алынып, теңізге жіберіледі. Биыл да 14 миллион 800 мың бір жаздық, 420 мың 2 жаздық балық айдынға босатылады.

Хабар

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз