
Ағымдағы жылдың қаңтар айында жоғарыда аталған азамат марихуанна есірткі затын шырпы қорапшаларына салып, 2000 теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Іс сотқа жолданып, соттың үкіміне сәйкес аталған азаматты 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру шешімі шығарылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!