Арал тұзы Испания жабдығымен өндіріледі

43

0

Арал тұзы Испания жабдығымен өндіріледі«Аралтұз» акционерлік қоғамы Испаниядан жаңа жабдықтар сатып алды.
Арал ауданында тұз өндіретін кәсіпорынды жаңғыртуға бір жарым миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. «Аралтұз» кәсіпорны үшін Испанияның «Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A.» компаниясының жабдықтары сатып алынды. «Аралтұзға» толық қуаттылықпен жұмыс істеу, яғни жылына 200 мың тонна тұз өндіру қиынға соқпайды, өйткені кәсіпорынның Қазақстанда бәсекелесі жоқ. Зауыт жаңғыртылғаннан кейін мұнда 170 мың тонна ас тұзы, 30 мың тонна техникалық тұз өндіріледі. Қазір кәсіпорында 343 адам еңбек етіп жатыр, жаңартылған өндіріс іске қосылғаннан кейін қызметкерлер саны 759-ға дейін артады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз