Аралда 712 балаға қамқорлық көрсетілді

35

0

Аралда 712 балаға қамқорлық көрсетілдіАрал. Елімізде өткізіліп жатқан «Қамқорлық» акциясы Аралда да ұйымдастырылды. Аталған шара барысында барлығы 712 бала 2 млн 800 мың теңге көлемінде қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Мақсат – мектеп жасындағы балаларды толық оқу құралдарымен толық қамту. Барлық білім беру мекемелерінде акция аясында аз қамтылған балалардың тізімдері анықталып, мектеп ұжымы және демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Қамқорлық» акциясы бойынша «Балалар түнгі қалада» атты рейд жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын-алу және міндетті білім алудан қасақана жалтару фактілерін анықтау мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз