Аралда 858 түлек ҰБТ тапсырады

44

0

Аралда 858 түлек ҰБТ тапсырадыАрал. Аудан әкімі Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен қаладағы № 262 мектеп – гимназия базасында білім бөлімі кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, ҰБТ-ға дайындық барысы пысықталды. 
Білім беру сапасын бағалау жүйесінің маңыздысы – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу. ҰБТ нәтижелерін талдау және түсіндіру оқыту сапасын арттырудың көптеген өзекті мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік беретіндігі мәлім. Осы уақытқа дейін аудан бойынша 11 сыныпты бітіруші 858 баланың 514-і (59,91 пайыз) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген болатын. Дегенмен, мектеп түлектерінің тестілеу жұмыстарына қатысуын арттыру мақсатында ата-аналармен, оқушылармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың құрамы 514 оқушыдан 527 оқушыға өсіп, 61,42 пайызды құрап отыр. Жыл ішінде алынған сынама тестілеу қорытындысына көз жүгіртсек, қыркүйек айында орташа балл – 54-57 болса, соңғы наурыз айында 72-75 балды құрап отыр. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз