Аралда алғашқы ауызашар берілді

30

0

Аралда алғашқы ауызашар берілдіКүллі мұсылмандарды сағындыра күткен Рамазан айы басталды. Берекелі
айдың алғашқы күні «Көктем» мейрамханасында аудандық «Кәсіпкерлік»,
«Сәулет және қала құрылысы», «Құрылыс», «Жер қатынастары» бөлімдерінің
ұйымдастыруымен ауызы берік жамағатқа дастархан жайылды. Бұл туралы Арал
аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауызашар рәсіміне
аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов, аудандық орталық мешіттің
наиб имамы Нұржан Кеңесханов, мешіт ақсақалдары және жастар қатысты.

Аудан
әкімінің орынбасары жамағатты қасиетті Рамазан айының басталуымен
құттықтап, ауыз бекіткен ағайынға жылы лебізін жолдады. Сонымен қатар,
ізгі амалдар мен игі қадамдарға, жақсылық пен береке-бірлікке жетелейтін
бұл айдың қадір-қасиеті жайында әңгімеледі.

Өз кезегінде
орталық мешіттің наиб имамы Н.Кеңесханов ауызы берік жандарға дәм
ұсынған аталмыш бөлім ұжымдарына Бас имам және жамағат атынан Алғыс
хаттар табыстады. Осылайша ауызашар рәсімі бір ай көлемінде қаладағы
дәмханаларда, орталық мешітте жамағат үшін үздіксіз ұйымдастырылатын
болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз