Аралда ат жарысы өтті

54

0

Аралда ат жарысы өтті Бірінші мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Жіңішкеқұм ауылдық округінің орталығы Тоқабай ауылында салтанатты шара өтті.

Алдымен ұлық күнді ұлықтаған жұртшылық осындағы хан майданда от кешкен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып салынған Тағзым алаңына келді. Зор құрметпен бас иіп, гүл шоқтарын қойып, аруақтар рухына құран бағыштады.

Мұнан соң ауыл тұсындағы «Төлеген төбе» деп аталатын өңірде мазмұнды бастама жалғасын тапты. Яғни, алыстан көз тартатын ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, маңайы мерекелік көңіл-күйдегі жамағатқа толды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Айбосынов, аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешов осындай сауапты іске ұйытқы болған бастамашы топқа зор ризашылықтарын білдіріп, жиналғандарды 1 мамыр күнімен құттықтады. Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауылдық округ әкімі М.Әлішев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Бегімов те қонақтарға жүрекжарды тілектерін арнады.
Келесі кезекте ауыл өнерпаздарының «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты концерттік тыңдармандар қауымын ән-жырмен сусындатты. Артынша көптің күткен ат жарысы басталды. Сайын даланы дүбірлеткен жүйріктердің ұзын саны алпысқа жуықтаған. Иелерінің сенімінен шыққан тұлпарлар Байқоңыр, Қазалы, Сексеуілден арнайы әкелінген. Бұл ат спортына деген қызығушылық артқанын аңғартса керек.
Арғымақтар Аламан бәйге, Тоқ бәйге, Құнан бәйге жарыстарында мәре сызығын бірінші кесіп, бірінен соң бірі иелерін сый-сияпатқа кенелтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз