Аралда ауыл жастарына арналған өнер фестивалі басталды

41

0

Арал аудандық жыраулар үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қала, ауыл өнерпаздарына арналған фестивальдің салтанатты ашылуы өтті.

Өнер фестивалінің шымылдығын ашқан аудан әкімі Абзал Мұхимов төрт бірдей мерекені атап өту үшін ұйымдастырылған байқау ауылдардағы танылмаған өнер иелерін жарыққа шығаруды мақсат тұтады.

«Берекелі, ырысты өңір Қарақұм жөнінде ел аузында «Қарақұм дегенше, қарағым десейші» деген қанатты сөз бар. Өнер байқауының салтанатты ашылу рәсіміне қатпарлы тарихы бар Қарақұм ауылының өнер ұжымы алғашқы болып қатысуы тегін болмаса керек. Себебі, Сыр елінің атын шығарып жүрген жыр жампоздары, Қазақстанның намысын қорғап жүрген чемпиондарымыз да осы өлкенің тумалары. Ауыл өнерпаздарының жан-жақты әзірлікпен келгендері байқалады. Өнер фестиваліне қатысушы барлық елді мекен ұжымдарына сәттілік, еңбектеріне табыс тілеймін. Өнерлеріңіз өрге жүзсін», деді аудан әкімі.

Ұлттық өнер түрлерін, халық шығармашылығын дамытатын, бүгінгі ауылдың дамуын, жетілу мүмкіндіктерін паш ететін, талантты жастарды іздеп тауып, жас ұрпақтың халықтық өнерге деген қызығушылығын арттыра түсетін өнер фестивалі ауылдық өнер ұжымдарының концерттік шараларымен әрмен қарай жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз