Аралда аймақтық ақындар айтысы өтті

43

0

Аралда аймақтық ақындар айтысы өттіАрал
ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Елдігім – есендігім,
хандығым – көсемдігім» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы өтті.
Айтысқа Қызылорда облысына қарасты
аудандарынан онға жуық ақын келіп бақ сынады. Көненің сарқытындай
сақталған сөз додасында ақындар елдің бүгінімен ертеңін жырға
қосты.Қазақ халқының тарихынан сыр шертті. Нәтижесінде І – орын fралдық
ақын Қайрат Құлекешовке, ІІ-орын, қазалылық ақын Марат Сүгірбаевқа, ал
жүлделі ІІІ- орын ең жас ақын Бексұлтан Орынбасаровқа тиесілі болды. 
Жеңіске жеткен ақындар аудан әкімі Абзал Мұхимов тағайындаған алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз