Аралда қайырымдылық акциясы өтті

40

0

Аралда қайырымдылық акциясы өттіТәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Аралда мүмкіндігі шектеулі жандарға
арналған «Жүрек нұры – жан жылуы» атты акция концерт өтті.
    Шараны аудандық мәдениет үйі мен «Жастар ресурстар орталығы»
аудандық бөлімі ұйымдастырды. Концерттің негізгі мақсаты – қамқорлық пен
қолдауға мұқтаж Сүгірбаева Камилла мен Шапикова Аяулымға қолдау көрсету
болатын.
    Концерт түрлі жанрдан қамтылған, жас өнерпаздардың өнерімен барша
қауымды тәнті етті. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған кеш жиналған көптің
ерекше көңілінен шықты. Әрі қарай концерт орталық демалыс саябағында
жалғасын тапты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз