Аралда «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай мерекелік шара өтті

92

0

Аралда «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай мерекелік шара өттіЕліміздің бас қаласы Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін насихаттау барысында қалалық демалыс паркінде мерекелік шара өтті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Ғайберен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға қала тұрғындары көп жиналды.
Мектеп оқушыларының ЭКСПО-ға орай қолдан жасаған көрмесі қойылып, жұмыстары үздік деп табылған оқушылар мен олардың жетекшілері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, LED экран арқылы Арал ауданынан ЭКСПО көрмесіне барған жерлестеріміздің көрмені аралаған видеосы көпшілік назарына ұсынылды. Ауданның белсенді, өнерпаз жастарының концерттік бағдарламасы тұрғындарға керемет көңіл күй сыйлады.
 
Аралда «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай мерекелік шара өтті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз