Аралда кәсіпкерлер палатасының филиалы ашылады

46

0

Аралда кәсіпкерлер палатасының филиалы ашыладыАрал. Облыстық кәсіпкерлер палатасының Арал ауданында филиалы ашылатын болды. Бұл филиал 5-10 маманды жұмыспен қамтиды.
Онда кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндірумен қатар, кеңес беру, бизнес жоспар құру сынды жұмыстарға тікелей араласып, қолдау көрсететін болады. Бұл туралы ҰКП-ның директоры Дінмұхамед Абсаттаров мәлімдеді. Бүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау», «Жылжымалы экомәдениет» акциялары аясында аудан кәсіпкерлерімен кездесу жиыны өтті. Шараға қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Д. Абсаттаров, облыс прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Ғ. Тобажанов, аудан әкімінің орынбасары М. Оразбаев, аудан прокуроры Б. Тоқмырза, аудан кәсіпкерлері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында мамандардың кәсіпкерлік саласында кеңес берумен ғана тоқталған жоқ. Сонымен қатар шағын және орта бизнес ашуда кездесетін алғашқы кедергілер мен кейбір заң талаптарындағы кемшін тұстарды да кәсіпкерлер ортаға салды. Жиын соңында кәсіпкерлерді жеке қабылдау өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз