
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыл халқына ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жылжымалы кешен өткен жылы өңіріміздегі ауыл халқына мамандандырылған медициналық көмек көрсетті. Арал ауданы бойынша 12 елді мекенінің халқын профилактикалық тексеруден өткізіп, науқастарға мамандандырылған медициналық көмек берген.