АРАЛДА «ҚҰНАНБАЙ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

41

0

АРАЛДА «ҚҰНАНБАЙ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІСыр өңіріне арнайы сапармен келген
Қазақстан халық әртісі Досхан Жолжақсынов пен жары, актриса Қаракөз
Сүлейменова Арал ауданында болып, халықпен жүздесті. 
Қадірлі
қонақтар алдымен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық үйінде болып,
«Соңғы парыз» романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа арналған
символикалық композициялық ескерткішті көрді. Содан соң аудандық
мәдениет үйінде өзі басты рөлді сомдаған «Құнанбай» филімін тамашалады.
Тарихи
туындының сценариін жазған Досқан Жолжақсынов және жазушы Таласбек
Әсемқұлов. Фильм 2015 жылы жарыққа шығып, өзінің лайықты бағасын алып
үлгерді. 
«Құнанбай»
фильмінің Қызылорданың барлық ауданында көрсетіліп отырғандығы
кездейсоқтық емес. Тарихқа сүйенсек, Құнанбай қажының арғы аталары барша
қазақ рулары сияқты дәл осы Сырдың бойынан өркен жайған. Шәкәрім
Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы Әнет баба Құнанбайдың
арғы атасы екендігін, ал шығармадағы тарихи оқиға осы біздің Сырдың
бойында, қазіргі Шиелі ауданының аумағында болғаны белгілі. 

Азаматтардың көзқарасын қалыптастыруда киноның орны ерекше. Сондықтан
бізге жастарымызды қалыптастыру үшін қазақы кино керек. Руханият үшін,
халқымыздың асыл арманы мен үкілі үмітін жүзеге асыратын туынды құтты
болсын, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Досхан Жолжақсынов пен жары, актриса Қаракөз Сүлейменоваға қазақы салтпен шапан жауып, сый-сияпатын көрсетті.  

Біздің мақсатымыз жастардың намысын оятып, еліне, жеріне деген
сүйіспеншілікті кәдімгі қаққан қазықтай ұқтырғымыз келеді. Әлихан
Бөкейхан «Елді сүю білімнің толықтығынан емес, ол үшін намыс керек»
дейді. Ұлтқа деген намыс болмай, қалғанның бәрі бекер. Жастарға ғибрат
болатындай қолымызға ұстаған бағдаршамның жарығындай ой салсақ біз
бақыттымыз, – дейді Досхан Жолжақсынов.
Фильм
көрерменге ұнағанын аңғардық. Өйткені экранға жым-жырт байланып, кең
тыныс алуынан залдың үлкен толғаныста отырғанын байқадық. Өзіне ұнаған
тұста көрермен қол соғып, ерекше ықыластарын танытып отырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз