АРАЛДА «ОНЛАЙН ОРТАЛЫҚТАРЫ» АШЫЛДЫ

51

0

АРАЛДА «ОНЛАЙН ОРТАЛЫҚТАРЫ» АШЫЛДЫСексеуіл
кенті кітапханасында БҰҰ-ның даму бағдарламасының
қаржыландыруымен толықтай ақпараттық технологиялармен жабдықталған «Онлайн
орталығы» ашылды. Қазіргідей жаһандану заманында ауыл тұрғындарының әлеуметтік
және экономикалық белсенділігін арттыруды мақсат тұтқан жоба көпшіліктің көңілінен
шықты.

«Онлайн орталығында» ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер компью­терлік
сауаттылыққа дағдыланып, интернет арқылы ақысыз тренингтерден, семинарлардан
деректер, кеңестер алады. Ашылу рәсіміндегі семинар-тренингке кент әкімі Мейрам Тұрымбетов, кенттік учаскелік полиция бөлімшесінің
басшысы Е.Орманұлы, «Тілеуқұл ишан»
мешітінің имамы А.Ізбасқанов, өзге де ел
ағалары қатысты.

Осындай «Онлайн орталығы» Қам­баш ауылдық округінде де іске қосылды. Бұл жобаға БҰҰ
даму бағдарламасы қолдау көрсетіп, «Қамбаш» ауылдық кітапханалары базасында
іске асырылуда. Жобаға қатысушы ауыл кітап­ха­налары компьютер, МФУ және ин­тернетті
пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Ашылу рәсімінде ауыл әкімі Б.Махатов,
кітапхананың тұрақты оқыр­мандарыН.Алтауов, А.Тәжидинов ізгі
тілектерін білдірді. Шара барысында қатысушыларға жоба туралы толық ақ­парат
беріліп, кітапхананың тұрақты
оқырмандары әннен шашу шашты.

Жұмабек
ТАБЫНБАЕВ.

Арал ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз