Аралда ОҚО тұрғынының көлігінен ителгі табылды

57

0

Аралда ОҚО тұрғынының көлігінен ителгі табылдыАралда «Қызыл кітапқа» енгізілген ителгіні тасымалдаған азамат қолға
түсті, – деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
    Аталған факт аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция және «Охотзоопром»
мекемесінің қызметкерлері бірлесе жүргізген рейд кезінде анықталды.
Аудан орталығынан 150 шақырым қашықтықтағы Шәден елді мекенінде
«Митсубиси Паджеро» маркалы көлікті тексеру кезінде салонынан сирек
кездесетін құс табылған. Көлікті тізгіндеген Оңтүстік Қазақстан
облысының тұрғыны боп шықты.
    Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
    Айта кетерлік жәйт, 2016 жылдың 7 айында Қызылорда облыстық ІІД
табиғат қорғау полициясы тарапынан табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың
341 дерегі әшкереленді. Жыл басынан бері 84 қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз