Аралда қорғаныс бөгеттері нығайтылуда

37

0

  Арал. Сырдария өзенінің Арал теңізіне құятын сағасында қыс-көктем айларында су басуы мүмкін деген екі аса қауіпті учаскелер бар. Олардың қатарында Амангелді жармасы бөгеті мен Бұрмақұлақ каналының қорғаныс бөгеті саналады.
  Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл осы қос бөгетті күшейту және қайта қалпына келтіру мақсатында облыстан қаржы бөлініп, аса қауіпті тұсы болып саналатын жерлерде дайындық жұмыстары жүргізілді. Сырдария өзеніндегі су тасу кезінде облыс халқы мен аумағын қорғау мақсатында үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілу жоспарлануда. Аталмыш мәселелер төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысында талқыланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз