Аралда орталық мешіт салынады

54

0

Аралда орталық мешіт салынадыАрал. Арал қаласында орталық мешіттің құрылысы басталды. Орталықтан бой көтеретін имандылық үйіне бір мыңға жуық адам сыятын болады. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі қабатты мешіттің жалпы биіктігі 10, мұнараның биіктігі 24 метр. Өңірімізден түлеп ұшақ белгілі азаматтардың қолдауымен тұрғызылып жатыр. Туған жерге перзенттік парыз деген осы шығар. Аудан әкімі Мархабат Жайымбетов бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің орнында мешіт имамдарымен және құрылысшыларымен кездесті. Кездесу барысында құрылыс жүргізу мәселелерін, сондай-ақ барлық тараптардың өзара байланысты әрекеттерін талқылады. Мешіттің бас имамы Мәжит Әбіштегі аруақтарға құран бағыштап, құрбандыққа мал шалынды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов бата беріп, мешіт құрылысының басталуына ақ тілегін білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз