Аралда ҰОС ардагерлеріне медаль тапсырылды – Қызылорда облысы

58

0

Аралда ҰОС ардагерлеріне медаль тапсырылды - Қызылорда облысыҰлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің үйіне барып, мерекелік медаль тапсырып қайтты.

Аудан басшысы ардагерлерді келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға шексіз алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті,-деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Абзал Мұхимов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың 19 қаңтарында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты. Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, ардагерлердің хал-жағдайын біліп, олардың алғысын алу азаматтық міндеті екендігін жеткізді.
«Сіздер жас ұрпақ үшін қайталанбас ерліктің, батырлықтың үлгісі болып қала бересіздер, 1945 жылғы Сіздердің жанқиярлық ерліктеріңізбен келген Ұлы Жеңіс тарихта алтын әріптермен жазылып қала бермек. Қымбатты ардагерлер, ешқашан ауырмаңыздар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлайтын ұлы мереке күнді бәріміз бірге қарсы алайық!», – деп сөзін қорытындылады аудан әкімі Абзал Мұхимов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз