Аралда полиция бөлімшелері салынады

49

0

Аралда полиция бөлімшелері салынадыҚызылорда облысы Арал аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік қамауға алынғандарды арнайы қабылдау пункті ғимаратының құрылысы жобасының сметалық құжаттары әзірленді.

Оны мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, Сексеуіл кентінде учаскелік полиция бөлімшесі ғимаратының құрылысы жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжатын әзірлеуге 3,4 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Айта кетейік, 2014 жылдың қорытындысымен ауданда тіркелген қылмыстар саны 408 бірлікті құрап, 2013 жылмен салыстырғанда қылмыстың барлық түрі 24,9 пайызға азайғандығын көрсетті. Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз