Аралда «Саида» супермаркеті ашылды

63

0

Аралда «Саида» супермаркеті ашылдыАрал қаласында «Саида» супермаркеті есігін айқара ашты. Мұнда халықтың
қажеті үшін бәрі жасалған. Атап айтсақ, супермаркет заманауи талаптарға
сай кассаға арналған компьютерлік есептегіш құралымен, жекелеген сақтау
камерасымен жабдықталған және ғимарат ішіне бейне бақылау камералары
жүргізілген. Есептегіш құрылғының көмегімен сатып алушының қолына
міндетті түрде чек беріледі әрі сол чек арқылы тауарды қандай бағамен
сатып алғандығын тексеруге өте ыңғайлы.
    – Арал қаласында алғашқы супермаркетті ашуды көптен ойлап жүрген
едік. Бұл мақсатымызға жету үшін біраз қауырт жұмыстар атқарып,
осылайша, отбасылық кәсібімізге қол жеткіздік, – дейді кәсіпкер Нұргүл
Көбейсінқызы.
    Өзіміз куә болғандай «Саида» супермаркетінде екі мыңнан жоғары
азық-түлік өнімдерінің барлық түрі қойылған және де жып-жинақы
орналасқан. Супермаркеттің жұмыс кестесі тұрғындар үшін өте қолайлы,
сағат 09.00-де есігін ашқан сауда орны үзіліссіз 02.00-ге дейін қызмет
көрсетуге дайын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз