Аралда су тасқынына қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

52

0

Аралда су тасқынына қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті Арал қаласында төтенше
жағдайлардың, соның ішінде су тасқынының алдын алуға арналған оқу-жаттығу жиыны
болып өтті.
Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Сырдария өзенімен келетін мол судың әсерінен
қыс-көктем айларында су басуы мүмкін Арал ауданында 2 аса қауіпті учаскелер бар.
 Су бөгеттерін
нығайту жұмыстары жасалуда. Оларды 14 мекеме атқарады.
 Жиын
кезінде осы аумақта Сырдария сағасынан су қоймасынан келген мол суды
«ауыздықтау» жаттығуы жасалды. Тұрғындарды тасқын судан сақтап қалудың шаралары
қарастырылды. Апаттық құтқару қызметінің күш-құралдарының су тасқыны кезіндегі
төтенше жағдайларды жою үшін арналған құрамына 232 адамы мен 74 бірлік
техникасы бар 29 құрама қатысты
.

Аралда су тасқынына қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз