Аралда суға байланысты облыстық семинар өтті

43

0

Аралда суға байланысты облыстық семинар өттіАрал. «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінде облыстық семинар өтті. 
Аудандағы жалпы ұзындығы 734 шақырымды құрайтын құбыр арқылы екі ауданның 160 мыңнан астам тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Арал- Сарыбұлақ» топтық су құбыры мекемесі 2012 жылы қиын жағдайды басынан өткерді. Қытымыр қыста жер қабатының екі метрден астам тереңдікке дейін қатып, тоңға айналуы салдарынан сыртқы, негізгі магистральді құбырлар жарылып, ақау түсуінен қыс соңында ауданда ауыз – су проблемасы туындаған болатын. 12 мердігер компанияның күшімен шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екінші желі бір жылда салынып пайдалануға берілген болатын. Бүгінгі семинардың мақсаты да осы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарымен таныстыру және өндірістік бөлімшелермен тәжірибе алмасу болатын. Жиын соңы облыстың 5 ауданыннан келген бөлімше қызметкерлері арасындағы спорттық сайыстарға ұласты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз