Аралда Төлеген Медетбаевқа арналған бюст ашылды

47

0

Аралда Төлеген Медетбаевқа арналған бюст ашылдыАлаштың анасына айналған Сыр өңірі, оның ішінде қасиетті Арал топырағы
талай тарланды дүниеге әкелген шежірелі мекен. Соның бірі және бірегейі
кешегі Кеңестік дәуірдегі Аралдың атын әлемге танытқан, өскелең ұрпақ
үшін ұлы дала тарихының аңыз адамы-Төлеген Медетбаев болатын. Көк
теңіздің тарланының есімін ұлықтау мақсатында бүгін орталық алаңдағы
«Жастар аллеясына» бюст қойылды.
    Бюсттің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал
Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев, Т.Медетбаевтың
келіні, Әуелбек Медетбаевтың жұбайы Орал Мырзалиева, жергілікті зиялы
қауым өкілдері қатысты.
    Өз кезегінде облыстық мәслихат хатшысы А.Әлназарова, ардагер-тілші
Ш.Дәрмағанбетовтер жиналғандарға игі тілектерін жеткізіп, Т.Медетбаевтың
келіні О.Мырзалиева игілікті іске ұйытқы болған облыс, аудан
әкімдіктеріне алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Жазиралы жазық даланың
сайып қыраны Төлеген Медетбаевтың бюсті орталық алаңға орнатылды.
Халқына қызмет етіп,қиын қыстауда елін қорғаған азаматтың бейнесі енді
әрбір аралдықтың әрдайым көз алдында, мәңгілік жадында сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз