АРАЛДА ІЗГІЛІКТІ ІСТЕР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

43

0

АРАЛДА ІЗГІЛІКТІ ІСТЕР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІАрал ауданында Рамазан айындағы ізгілікті істер қатары жалғасуда. Бүгін
Орталық мешіттің бас имамы Съезбек Евилханұлы бастаған мешіт жамағаты көп
балалы отбасыға, тұрмысы төмен жандарға тегін азық-түлік таратып, қайырымдылық
шарасын өткізді. Тұрғындарға мешіт имамдары уағыздарын айтып, жандарына демеу
болар жылы сөздерін арнады. Жиналғандар атынан ақсақалдар бата беріп, ізгілікті
шараға ұйытқы болған мешіт ұжымына ризалықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Мұнан соң, мешіт жамағаты тұрғындардың азық-түліктерін өз үйлеріне жеткізіп
берді.

Тұрмысы төмен жандарға қолғабыс болар қайырымдылық шаралары алдағы уақытта
да жалғасын таба береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз