Аралда жас суретшілер сайысы өтті

110

0

Аралда жас суретшілер сайысы өттіАрал аудандық стадион алаңында аудандық оқушылар Үйі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Батпырауық – 2015» тақырыбында жас суретшілер сайысы өткізілді.

Аталмыш сурет байқауына қылқаламды серік еткен мектеп оқушылары қатысты. Балғындар сурет салудың сан түрінен жарысқа түсті. Олардың бала қиялынан туындаған суреттері айқын бояуы, өзіне тән образдылығы мен тақырыптық мазмұны жағынан бір-бірінен ерекше болды.
«Батпырауық – 2015» сурет сайысының қорытындысында І орынды №71 мектептің оқушылары Несібелі Қаппарова мен Баян Нұралиева, ІІ орынды №83 мектептен Айбек Нұрсейітов, Ерасыл Исламов және №220 мектептен Қайсар Мырзағұлов, Ақсұлтан Зағиладдин иеленсе ІІІ орынды №71 мектептен Мейрамбек Жайылғанов, Асқарбек Мұқияшов және №13 мектептен Бағдәулет Асылбеков, Думан Ибрагимов, №2 мектеп-интернаттан Шыңғыс Дінислам пен Ердана Өтемұратов иеленді.
Жас суретшілер сайысының «Ғарыш қиялы» бөлімінің нәтижесінде І орынды №14 мектеп оқушысы Құралай Құрмашова, ІІ орынды №220 мектептен Үміт Айсаева мен №62 мектептен Айдана Төлебаева, ІІІ орынды №64 мектептен Ануар Сағындықов мен №83 мектептен Назгүл Әбибуллаева иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз