АРАЛДАН СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ӨҢДЕЛМЕГЕН БАЛЫҚ ШЫҚПАЙДЫ

61

0

АРАЛДАН СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ӨҢДЕЛМЕГЕН БАЛЫҚ ШЫҚПАЙДЫЕлбасының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің
солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының бірінші кезеңінің сәтті аяқталуы облыстың балық шаруашылығының дамуына үлкен
мүмкіндіктер жасады.

Соңғы 3 жылда балық аулау көлемі 35 пайызға,
Кіші Арал теңізі бойынша 47 пайызға өсті. 2014-2015 жылдары балық өңдеу көлемі
2 есеге көбейді. Биылға балық аулау лимиті өткен жылмен салыстырғанда 25
пайызға (6725-тен 8 391 тоннаға)ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізі бойынша 30 пайызға көбейіп,
Балхаш көлінен ауланатын балықтың көлеміне жетті. Аталған мүмкіндіктерді
облыста балық шаруашылығы саласын дамытуда ұтымды пайдалану үшін «Балық
консорциумы» құрылған болатын. Консорциумның басты мақсаты ауланған балықтың
барлығын облыстан тек қана өңделген түрінде шығаруды ұйымдастыру.

Өңірдің
балық шаруашылығын дамытуға қатысты өткен мәжілісте облыс әкімі Қ.Көшербаев
сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Аралдан өңделмеген
балық шығарылмауы тиіс. Заңсыз балық аулаумен күресті күшейту керек деп қатаң
тапсырды. Сондай-ақ, балық шаруашылғына ең алдымен жергілікті тұрғындарды тарту
арқылы, оларды жұмыспен қамту мәселесін шешу қажеттігі де айтылды.


Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыттарымызда әлі
күнге дейін шикізатпен толық қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр. Балық
өңдеу кәсіпорындарының тек 2-уі ғана өнімдерін Еуропаға экспорттай алады. Осы
жылдың 9 айында Кіші Арал теңізіне белгіленген лимиттің тек, 19 пайызы ғана
Еуропа және ТМД елдеріне экспортталған. Балық өнімдерінің экспортын 50 пайызға жеткізуіміз
керек, – деді Қ.Көшербаев.


Жыл басынан бері облыс бойынша 422 табиғат заңдылығын бұзушы анықталып,
келтірілген залал 3 млн. 157 мың теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен
салыстырнғанда 6 есеге артқан деген мәліметті облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев келтірді.

Осы орайда облыс
әкімі ішкі істер органдарының басшыларына жауапты инспекциямен бірлесіп жұмыс
істеуді тапсырды.


Балық шаруашылығы Арал өңірінің экономикасымен қатар, әлеуметтік жағдайына
тікелей әсерін тигізіп отырған сала. Арал ауданында еңбекке жарамды 31200
адамның 2 261 жұмыссыздар қатарында. Осыған қарамастан, Кіші Арал теңізінен
балық аулауға жұмысшылар басқа өңірлерден келіп жұмыс істеуде. Бұл ешкімге
жасырын емес. Ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп
алуымыз керек, – деді облыс әкімі.

Алдағы
5 жылда САРАТС-2 жобасы жүзеге асады. Жобаның жалпы құны – 23,2 млрд. теңге.
Осы арқылы Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі және өзен сағасындағы жалпы
ауданы 34 мың гектар болатын көлдер суға толады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз