Аралдың көшелері кеңейтілуде

34

0

 Аралдың көшелері кеңейтілуде Арал қаласында Әбілқайыр хан және Бақтыбай батыр көшелеріне кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрын ені 7 метрді құрайтын орталық көшелердің ені бүгінде 12 метрге ұлғайтылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көшелердің жоспарланған бөлігіне қиыршық тасты асфальт жамылғысы төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар да жаңаруда. 20 қазанда аяқтауды жоспарлаған кеңейту шарасының бүгінде 90%-ы толық орындалды. Осыншама ауқымды жұмыстарға жауапты мердігерлер «Арал құрылысы» ЖШС мен «Набат 2000» ЖШС жұмыс барысында жол белгілерін орнатуды да межелеп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз