Аралдық марафоншы Қызылордаға дейін жүгіріп барады

67

0

Аралдық марафоншы Қызылордаға дейін жүгіріп барадыБүгін «Невада-Семей» қоғамдық
бірлестігінің Арал ауданы бойынша төрағасы Серік Өтебалиев Арал
қаласынан Қызылорда қаласына дейінгі (500 км) аралықты жүгіруін бастап
кетті.
 
Бұл шара Семей ядролық полигонының
жабылуына 25 жыл және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай ұйымдастырылды. Жастарға патриоттық тәрбие беру
мақсатындағы бұл шара 31 мамыр күні Қызылорда қаласында қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу шарасында қорытындыланбақ. Арал-Қызылорда марафоны
туралы күнделікті сіздерді құлағдар етіп отыратын боламыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз