АРАЛДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ҚАЗАЛЫДА КОНЦЕРТ БЕРДІ

34

0

АРАЛДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ҚАЗАЛЫДА КОНЦЕРТ БЕРДІЖуырда Қазалы ауданында Арал күндері өтті. Мерекелі күн қос ауданды одан
әрі жақындастыра түсті. Игі іске бастамашыл болған – аудан әкімдері
Абзал Сансызбайұлы мен Нажмадин Шәкизадаұлы.
    Арал ауданы әкімінің бапсасөз қызметі хабарлағандай, шара Арал
ауданының тыныс-тіршілігі, ата кәсібінің қалыптасуы мен төл өнерінің
майталмандарын танытатын көрмеден басталды. Одан соң екі жақтың жас
өрендері концерттік бағдарлама ұсынды.
    Мерекелі шара Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде Арал
ауданы өнерпаздарының «Армысыңдар, қазалылық бауырлар, Арал келді,
жырын төгіп, қабыл ал!» атты кешіне ұласты. Кеш соңында қос ауданның
басшылары сөйлеп, мұндай мәдени байланыстың алдағы уақытта дәстүрлі
жалғасын табатындығын айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз