Аралдың сәулеттік келбеті артып келеді

46

0

Аралдың сәулеттік келбеті артып келедіАрал қаласының сәулеттік келбетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағытта игілікті іс-шаралар атқарылуда.
Арал қаласынан 5 жерден скверлер құрылысы (кіші сәулеттік нысандар), қалада екі көшенің автомобиль жолдарын кеңейтіп, жаңадан бордюрлар орнатылуда. Қала көшелерінің қауіпті жол тораптарына 6 жерге бағдаршамдар қойылады . Сондай-ақ, 6 жерге соңғы үлгідегі аялдамалар орналастырылуда. «Сонымен қатар, биылғы жылы қаланың 5 мөлтек ауданынан балалар ойын алаңының құрылысын жүргізуге 10 миллион теңге, бағаналарды түнгі безендіруге 14,5 миллион теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстары басталып кетті» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз