Аралдық жас кәсіпкер шыны пластиктен қайық шығара бастады

37

0

Аралдық жас кәсіпкер шыны пластиктен қайық шығара бастадыҚызылорда облысында алғашқы шыны пластиктен ескекті қайық шығаратын кәсіпкорынды аралдық жас кәсіпкер Жансерік Нысанбаев іске қосып, өндірісті жолға қойды, – деп хабарлады «Даму» қоры филиалының баспасөз қызметінен. 
Осыдан екі жыл бұрын ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында корпусты қатқыл жиһаз шығаратын цех ашқан болатын. Бүгінде бизнесін кеңейтіп қана қоймай, оны әртараптандыруға мүмкіндік алды. 
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 13,5 арқылы млн. теңге несие рәмідеген жас кәсіпкер «Даму» қорының 44% кепілдендіруімен жүзеге асқан жобасы аясында 7 жаңа жұмыс орнын ашып, тапсырыспен жиһаз жасау ісін қолға алды. Бүгінде жиһаз цехы ауылдық аймаққа қажетті барлық түрдегі жиһаз шығарады. 
Кәсіпкердің сөзінше, шыны пластиктен қайық жасау идеясы бірден туындай қойған жоқ. Ең бастысы, Арал ауданындағы халықтың негізгі қызметі балық шаруашылығы болғандықтан қайыққа деген сұраныс үнемі жоғары деңгейде. Нарықты жете тексеріп, өзінің  маркетингтік зерттеуін жүргізген Жансерік Нысанбаев шыны пластиктен қайық жасау жобасын жүзеге асыру шешімін қабылдады. Осылайша жас кәсіпкердің жұмысшылары енді қайық жасау ісін қолға алды. Айына цехта 3 қайық жасап шығарылуда. 
Аралдық жас кәсіпкер шыны пластиктен қайық шығара бастадыӨндірісті кеңейтудің нәтижесінде кәсіпкер қосымша 3 жаңа жұмыс орнын ашып, қарамағындағы жұмысшылар санын 10-ға жеткізді. Компания тек жоғары сапалы өнім шығаруға бағытталған. 
Қайықты жасауға қажетті шикізатты кәсіпкер Испаниядан тапсырыспен алдырады. Оның сөзінше, испандық шыны пластик өте сапалы әрі мықты. Бүгінде Жансерік кәсіпорнына қосымша қаржы тарту мақсатында «Даму» Қорының кепілдігімен ЕДБ несие алу үшін құжаттар жиынын дайындауда. Несие қаражатының көмегімен ол моторлы қайық шығаруды және өнідіріс көлемін арттыруды қолға алмақшы.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз