Аралдықтар қарағандылықтарға көмек қолын созуда

60

0

Арал ауданының
кәсіпкерлерінің ұйытқы болуымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарының
қол көмекке белсенділігімен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен
тұрғындарға жәрдем көлігі жөнелтілді, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Гуманитарлық
көмек ретінде 2 күн ішінде аралдықтар бұзылмайтын азық-түлік өнімдерін, ауыз
су, жаңа төсек жабындылары мен бірінші кезекте тұтынатын тұрмыстық бұйымдар
жинаған.
Игі
шараның басы-қасында жүрген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов:
«Бұл Қарағандының қайғысы
емес, бүкіл елдің қайғысы. Атадан қалған дәстүр бойынша ағайын басына күн
туғанда, ел болып көмектесу – біздің басты парызымыз. Қарағанды халқына
амандық, дендеріне саулық тілейміз», -деді.
Аралдан 1 тн ұн, 1 тн ас тұзы, 400 кг макарон өнімдері, 200 кг күріш, 60 л өсімдік майы, 12 л сүт, 20кг қант, 14 қорап
материалдық көмек заттарын тиеген жүк көлігі Қарағандыға жолға шықты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз