АРАЛДЫҚТАР АРЗАН ҰНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

50

0

АРАЛДЫҚТАР АРЗАН ҰНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІАрал қаласындағы ұн шығаратын зауыт қайта жанданды. Комбинат ұзақ
уақыттан бері тоқтап тұрған болатын. Өндірісті өрге бастыратын инвестор
табылғалы теңіз жағалауындағы халық арзан өнімді тұтына бастады.
«Хабар» телеарнасы хабарлағандай, бағасы сырттан тасымалданатын
ұнмен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Қазіргі таңда элеватор тәулігіне
180 тонна бидай өңдеп, 150 тонна ұн дайындауға қауқарлы. Сыр өңіріндегі
жалғыз ұн өндіретін кәсіпорын бидайды Ақтөбеден алдырады. Дайын өнім
әзірге тек Арал ауданында сатылуда. Кәсіпорын басшылығы болашақта нарық
ауқымын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Комбинаттан шығатын 50 келілік 1
қап әлеуметтік ұнының бағасы – 2625 теңге.  Мемлекет тарапынан бөлінген
субсидия көмегімен өндірілетін ұн негізінен аудандағы 11 наубайхана мен
әлеуметтік дүкендерге үлестіріліп берілуде.
Бертілеу Бөрібаев,
комбинаттың тарату және сату бөлімінің басшысы:
– Базарға барып, бағаны салыстырып қарайтын болсақ, бізде
көпшілігінде Қостанайдан келетін, Орал қаласынан шығатын ұн сатылады.
Екеуінің бағасы – 4500-4800 теңгеден. Ал біз коммерциялық мақсатта
шығаратын ұнымыздың бағасы – 3500 теңге.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз