
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, биылғы жылдың басты жаңалығы – осыған дейін түрлі себептермен қордаланып келген мәселенің оң шешілуі болып отыр. Яғни газдандыру саласында болып жатқан игі істер аудан халқын елең еткізгені анық. Биылғы жылы Арал қаласын, Сексеуіл кентін және Қамыстыбас елді мекенін газдандыру жұмыстарының құжаттарын әзірлеуге 79,7 млн теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп отыр.