Қарақшылар бейнебақылау арқылы қолға түсті

41

0

Қарақшылар бейнебақылау арқылы қолға түстіҚызылорда. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 27-сі күні түнгі уақытта Қызылорда қаласының тұрғыны азаматша Г.Б. «102» телефонына хабарласып, Қызылорда қаласы орталығында орналасқан кафе ғимаратының ішінде орналасқан букмекерлік кеңседе дилер болып жұмыс жасап тұрғанында беттеріне бетперде киген белгісіз екі азамат кіріп, пышақпен қорқытып, кассадан 60.000 теңге көлемінде ақша және ұялы телефонын алып кеткендігін жеткізген.  
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама түсісімен, барлық полиция нарядтарына тапсырма беріліп, іздестіру шаралары жүргізілген. Жедел басқару орталығының бейнебақылаушы-инспекторы полиция лейтенанты Р.Даулетов сол маңда орналасқан бейнебақылау камерасы арқылы шолу жұмыстарын жүргізіп, сезікті екі азаматты байқаған. Осы екі азаматты  тексеру үшін жол-патрульдік полиция нарядтарына нұсқау беріп, тексеру барысында екі азаматтың қарақшылық қылмысқа қатысы барлығы анықталған. Қызылорда қаласының тұрғындары 1992 ж.т.А.К. мен 1994 ж.т.Б.Ө. ұсталып,  тергеу барысында жасаған қылмыстарын толық мойындаған. Қазіргі таңда күдікті екі азамат уақытша ұстау абақтысына қамалып, олардың үстінен ҚР ҚК-нің 179 бабы 2 бөлігімен қылмыстық  іс қозғалды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз