Қараөзектіктер ауыз су мен аяқ суға қол жеткізді

78

0

  Қараөзектіктер ауыз су мен аяқ суға қол жеткіздіҚараөзек ауылының тұрғындары бүгінгі күнге дейін аяқ судың қиындығын
тартып-ақ келген болатын. Егіс екпек түгілі төрт түлік малына берер су
таппай, құдықтан қолмен суарып келді. Енді тұрғындар бұл қиындықтан
құтылды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жеке кәсіпкерлерге өтініш айтып,
бұл мәселе түбегейлі шешілді, деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Қараөзектіктер енді тола аққан аяқ судың арқасында, егін егіп, мал
бағып, шарауашылығымызды жандандырамыз деп қуануда.
    Қара өзек ауылының тұрғындары осыған дейін аяқ су мен ауыз судың
тауқыметін аз тартқан жоқ. Уақытпен ғана аққан ауыз су кей үйлерге
жетпей, олар құдықтан су ішуге мәжбүр болған. Жуырда халықты таза ауыз
сумен түгел қамтамасыз ету мақсатында тағы бір құбыр іске қосылды. Су
насостарының көмегімен тіршілік нәрі тұрғындарға түгел жетті. Ауыл
тұрғындары үшін аяқ су да өзекті мәселеге айналған еді. Сырдария өзені
суының азаюы себепті, ауылдағы арықтардың табаны құрғап қалған. Жылда
егін егіп, қыстық азығын жинап алатын ауыл тұрғындары соңғы екі жылда
тіпті малды да құдықтан қолдап суарды. Енді олар бұл қиындықтан да
түбегейлі құтылды. Ауылға аяқ су жеткізетін арнаның дариямен түйісетін
тұсына насос қойылып, Қараөзектің каналдарына су толды. Жалпы соңғы
жылдары ауылдық жерлерге жіті көңіл бөлініп, түйіткілді мәселелер жыл
өткен сайын шешіліп келеді. Қараөзектегі бүгінгі жетістік осы сөзіміздің
дәлелі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз