Қаражат мөлшері бекітілді

47

0

Қаражат мөлшері бекітілдіОрталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері бекітілді.

 

Қаулы жобасымен таныстырған ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, еліміздің «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді. «Оның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға телеарналардан сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сөз сөйлеу үшін 70 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 36 мың теңге қарастырылды. Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға радиолардан сайлауалды бағдарламамен сөз сөйлеуге 20 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 7 мың теңге бөлінеді, – деді ОСК төрағасының орынбасары.

В.Фоостың атап өтуінше, облыстық, Астана мен Алматы қалалық
мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға басылымдарда екі мақала жариялау үшін
85 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 62 мың
теңге қарастырылған. «Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары
депутаттығына кандидаттарға жария сайлауалды шараларын өткізуге және
үгіт-насихат материалдарын шығаруға 25 мың теңге, қалалық және аудандық
мәслихат депутаттығына кандидаттарға 25 мың теңге бөлінеді. Облыстық, Астана
мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың көлік шығыстарына
45 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 20 мың
теңге қарастырылған», – деді ол осы жөнінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз