Ардагер атындағы турнир

59

0

Ардагер атындағы турнирШиелі  ауданының Еңбекші ауылында Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері Байтілес Жүсіпұлын еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Жарысқа Қызылорда қаласы мен Сыр бойының барлық  аудандарынан  және көрші Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының да палуандар келіп қатысты. «Туған жер» бағдарламасына сай ұйымдастырылған шараны Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып палуандарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Байтілес қарияның ұлы, белгілі қаламгер, республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп сөз сөйлеп жарысты ұйымдастырушыларға ризашылық сезімін білдірсе, еңбек ардагері Есіркеп Шәдібеков те қазақтың алтын бесігі ауылды көтеру тұрғысындағы осындай шаралардың көп қолдауына ие болатындығын жеткізді. 
Турнир қортындысында жеңімпаздарға марапат сыйлықтар тапсырылды. 
Н. Назымханұлы, 
Шиелі ауданы  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз