
Аудан әкімі Руслан Рүстемов пен ел ағасы Зинаддин Шермағамбетов пойыз мүшелерін бастап, аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагері Махметжан Сапарбаевтың шаңырағына барды.
Ардагердің бүгінгі хал-ахуалына қаныққан «Менің Қазақстаным!» пойызының директоры Ғазиз Телебаев ардагерді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, мерекелік сый-сияпат жасады.
Өңір басшысының айтуынша, бүгінде аудан бойынша 12 соғыс ардагері бар. Оларға тиісті дәрежедегі көмектер көрсетіліп, алдағы мерейтойға қызу дайындық жүргізіліп жатыр.
Емен-жарқын сұхбат барысында ардагер отты жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі бейбіт заманның берекелі бастамаларына, соның ішінде «Менің Қазақстаным!» пойызына батасын берді.
Айтакетейік, Махметжан Сапарбаев I-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені мен басқа да Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Ол – елге қосқан елеулі еңбегі үшін Тәуелсіз еліміздің «Құрмет» орденін де таққан адам.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!