АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

68

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында жалғасын табуда. Университеттің «Жұлдызды 30 күн» тақырыбындағы медиа жоспары бойынаш Педагогика, Жаратылыстану және Экономикалық теория және мемлекеттік басқару факультеттері ардагер-ұстаздармен кездесіп, олардың естеліктері мен ғибратты әңгімелеріне қанықты. Оған университетттің профессор-оқытушылары , магистранттар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Экономикалық теория және мемлекеттік басқару факультеті э.ғ.к., Асылбек Наурызбаев, Болат Тоқжолов сынды ардагерлерімен салтанатты кездесу шарасын ұйымдастырса, Жаратылыстану факультеті  п.ғ.к., профессор,  халықаралық білім академиясының корреспондент-мүшесі Күлбарам Сәдуақасқызының еңбек жолындағы естеліктерін тыңдады. Ал Педагогикалық факультеті «Музыкалық білім», «Кәсіптік білім беру», «Педагогика және психология» мамандықтары және  «Сыр сұлуы» ансамблінің 20 ардагер-ұстазымен кездесіп, олар кейінгібуын оқытушылармен көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында студенттер ардагерлер тарапына түрлі сауалдар жолдап, еркін әңгіме алаңын құрды.

 Қорытындысында барлық ардагерлерге сый-сияпаттар табысталып, мерекелік шара соңы  концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз