АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

52

0

Халықаралық қарттар күніне орай облыстық ішкі істер департаменті ардагерлердің басын қосып дастархан жайды.
Облыс орталығы мен аудандардан арнайы шақырылған ІІД зейнеткерлеріне құрмет көрсетіліп, департамент тарапынан «Құрмет» грамоталары мен «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік төсбелгілері тапсырылды.
Мерекелік шарада Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қ.Мұхимов ардагерлерді мерекесімен құттықтады.
– Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды дайындадыңыздар. Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді департамент басшысы.
Дана қазақ халқы ежелден қарияларды ерекше сыйлаған. Қарияларға қамқор болу – ізгі іс әрі қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз. Олар – халқымыздың алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, адалдықтың, шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi.

Н.САҒАДАТ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз