Ардагерлер балық аулап жарысты

34

0

Ардагерлер балық аулап жарыстыЖалағаш аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің
ұйымдастыруымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жұмыстары бойынша
«Ардагерлермен жұмыс» жобасы аясында кент және ауылдық округ ардагерлері
арасында балық аулаудан жарыс болып өтті. Бұл туралы бірлестіктің
баспасөз қызметі хабарлады.
    Ардагерлер арасында жыл сайын ұйымдастырылатын сайыс кенттің батыс
бөлігінде орналасқан «Иіркөл» көлінде өткізілді. Сайыс қорытындысымен І
орынды ең көп балық аулаған Айтбай Төребаев ардагер жеңіп алды. ІІ
орынды Жанұзақ Оспан ие болса, ІІІ орынға Шаден Жанаев лайық деп
танылды. Жеңімпаздарды аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы С.Алиев марапаттап, қаржылай сыйақы мен
«Дипломдар» табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз