АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР БАЛЫҚ АУЛАП ЖАРЫСТЫ

35

0

АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР  БАЛЫҚ АУЛАП ЖАРЫСТЫҚармақшы ауданындағы
«Иіркөл» көлінің жағалауында ардагерлер мен жастар арасында балық аулаудан
жекелей бірін­шілік өтті. Қармақпен балық аулау сайысын ашқан аудан әкімі
Сұлтан Мақашов шараның «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» арналып отырғанын
жеткізіп, қатысушыларға сәтті­лік тіледі.

Жарыс ережесі де қара­пайым
– кімнің аулаған балығы көп болса, сол жеңімпаз. Қа­тысушылар кент іргесіндегі
көл­­дің жағасына жайғасқан соң, сәлден кейін-ақ «балық ілін­ді» деген қуанышты
дауыс­тар шығып жатты. Балық­шылар көздерін қалтқы­дан айы­р­­май 3 сағат бойы
жа­ғада отыр­ды. Сонымен, жеке­лей сында жеңімпаз атағы көл және өзен
жағалауында қар­мақ салып демалғанды ұна­та­тын тәжірибелі балық аулаушы
Әбраман Тұрғановқа берілді. Ол барша қатысушыларға берілген мерзім ішінде оннан
аса балық аулап үлгерген-ді. Келесі орынды зейнеткер Болат Әбжәлиев жеңіп алды.
Жүлдегерлер үш­ті­гін аталарына жол берген Нұрлыбек Ешманов түйіндеді. Жарыс
жеңімпаздарына сый­лық­тар табыс еткен Қар­мақшы ауданының әкімі Сұлтан
Мақашов: «Ардагер­леріміз қо­ғам­дық жұмыстарға белсене араласып, ұрпақ
тәрбиесіне зор үлес қосып келеді. Отанды сүю­ді, бірлік пен бауырмалдық сынды
құнды қасиеттерді біз аға буыннан үйрендік. Сол үшін де Сіздердің алдарыңызда
басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіз еліміздің жас буы­­нын патриоттық рухта
тәр­бие­леуде ардагерлер жастарға жол көрсетіп, аталық ақыл-ке­ңестерің береді
деген сенім­демін», – деді.

«Салмағы ең ауыр балық» аталымы бойынша Ғалымжан
Ысқақов, «Дәмді сорпа дайын­да­ғаны үшін» аталымы­мен Жүніс Жаркеткенов және
арнайы жүл­де­мен Жақан Тоқтаров марапат­талды. Жарыстың мақ­саты – дене
мәдениеті мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді табиғат аясын­дағы
айрықша сайысты ұйымдастырушылар.

 

Рүстем
АРЫСТАНБАЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз