Ардагерлер шығармашылығына арналған фестиваль өтті

51

0

Ардагерлер шығармашылығына арналған фестиваль өттіҚазалы аудандық мәдениет орталығында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына байланысты ардагерлер шығармашылығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» тақырыбымен өнер фестивалі өткізілді. Оны аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастырды.
Байқауға қатысуға тілек білдірген ардагерлер «Сол жылдардағы әндерді орындау», «Аспапта ойнау», «Жыр-толғаулар орындау» және «Соғыс тақырыбы – менің тағдырымда» атты шығармашылық номинациялары бойынша сынға түсті. Нәтижесінде «Сол жылдардағы әндерді орындау» номинациясы бойынша Ғ.Мұратбаев ауылынан қатысқан Шамшагүл Захарова, Өркендеу ауылынан қатысқан Қағаз Баеке, Жанқожа батыр ауылынан қатысқан Күлән Досаева үздік үштіктен көрінді. «Аспапта ойнау» номинациясында бірінші орын Орақ Баубековке бұйырса, «Жыр-толғаулар орындау» номинациясы бойынша бірінші орынды Қожабақы ауылынан Жасталап Оңдабаев алды. «Соғыс тақырыбы – менің тағдырымда» атты шығармашылық номинациясы бойынша Әйтеке би кентінен қатысқан ақын Мақсұт Айгелдиев жеңімпаз танылды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз